Елімізге Ресейден 21,5 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар келді
Елімізге Ресейден 21,5 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар келді
Ресейден коронавирус инфекциясымен қоса пневмонияға арналған 21,5 тонна дәрі-дәрмек жеткізілген. Рейсті Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алматы қаласына қондырған.
Үкімет бұйрығымен 12 тонна препарат елордаға жеткізіледі.
"Кеше түнде Алматы қаласына 21,5 тонна дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар Ресейден әкелінді. Ертең Нұр-Сұлтан қаласына 12 тонна дәрі-дәрмек кетеді.Арнайы рейстер үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асуда",- деп мәлімдеді әуе компаниясының баспасөз қызметкерлері.