Түркістандық ұстаз Астана қаласында өткен «Көшбасшы-Педагог-2018» байқауында топ жарды

14 Қараша, 2018 680 1

Түркістандық ұстаз Астана қаласында өткен «Көшбасшы-Педагог-2018» байқауында топ жарды. Білімі мен білігі ұштасқан бастауыш сынып мұғаліміне жеңіл автокөлік табыс етілді. Жүзден жүйрік шыққан ұстазға Түркістан облыстық білім басқармасы да ерекше сый-құрмет көрсетті. Бұл туралы newsroom+ порталы өңірлік баққа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өнегелі ұстазға бағалы сылықты табыстау үшін арқа төсі  –Астанадан арнайы мамандар келген. «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдарының академиясы»қоғамдық қорының құрылтайшысы Сарыағаштық  ұстазға жоғары баға берді.

Талғат Төремұратов – «Халықаралық экологоия, инженерия және педагогика ғылымдарының академиясы» Халықаралық қоғамдық қорының құрылтайшысы

Біз сіздердің ұстаздарыңыздың белсенділігіне риза болдық. Алғыр, оқушыға білім нәрін сіңіре алатын қасиетке ие. Сондықтан біз жоғары баға беріп отырмыз.

Аталмыш байқау еліміздің білім және ғылым министрлігі  мен«Халықаралық экологоия, инженерия және педагогика ғылымдарының академиясы» қоғамдық қоры арасындағыи меморандумға сәйкес өрбіген. Портфолио байқауында ұстаздың оқушы бойына білім мен қатар тәрбиені сіңіру қасиеттері бағаланған.

Күнсұлу Қонысова – жеңімпаз ұстаз

Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарнын тіленбей деп, мынау, еңбегіміз еленіп жатыр. көп ішіінен суырылып шығып жатырмсыз, қуаныштымын.

Сарыағаш ауданындағы №142 жалпы орта мектептің ұстазы осылайша барлық ұстаздарға үлгі болып отыр. біздің аймақтан барған 22 мұғалімді басып озған 6 баланың анасы «еңбектің наны тәтті»,-дейді. Адал еңбек, терең білім биіктерге жеткізетінін айтып отыр.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Тогызбаева Кульдариха Әмірқызы 22 Желтоқсан, 2018

Құрметті ұстаздар мынандай қуаныш кез келгенге бұйыра бермейтін қуаныш, бізге жұғысты болсын Қуанышыңыз құтты болсын,еңбегіңіз жансын Осы жетістікке жету үшін не істеуге болады.Мен 15.12. күні осы мекемеден төс белгі алдым.Алға жылжу үшін қандай жұмыстар жіберуге болады.