Жаңалықтар

Шымкентте 52 миллион теңгені жымқырған ақ халаттылардың үстінен тергеу жүріп жатыр

Шымкентте 52 миллион теңгені жымқырған ақ халаттылардың үстінен тергеу жүріп жатыр

 width= Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының бжджетінен 52 миллион теңгені жымқырған дәрігерге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бас дәрігері мен басқарма басшысы S-класты оториноларинголог аппаратын қымбат сомамен сатып алғандығы белгілі болды. "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  бұрынғы басшысымен бірге "№1 қалалық клиникалық ауруханасына" қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп хабарлады Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері. 2019 жылы S-класты оториноларинголог жабдығын 52 миллион теңгеге сатып алу арқылы бюджет қаражатына қол сұқты деген айып тағылып отыр. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу" туралы қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына орай басқа ақпараттар жария етілмейді.