Түркістандықтар теңге күнін атап өтті

15 Қараша, 2018 675 0

15 қараша - елімізде ұлттық валюта күні. Биыл төл теңгемізге 25 жыл толып отыр. Осыған орай, Түркістандасалтанатты мерекелік шара өтті. Оған облысымыздағы барлық қаржыгерлер қатысып, еткен еңбектері үшін марапатталды. Бұл туралы newsroom+ порталы өңірлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта теңге қолданысқа енді. Елбасының жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл теңгеміздің туған күні болып белгіленген. 25 жыл ішінде теңге бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Қазіргі таңда заманауи үлгідегі теңгенің түрі көбейген. Мамандар теңгенің пайда болуы ел экономикасын дамытуға айрықша септігін тигізеді,-дейді.

Абдірахман Тасыбаев – Түркістан облыстық қаржы басқармасының басшысы

Марапат биігінен көрінгендердің бірі – Сәкен Тәженов. Халқымыздың бүгіні мен болашағы үшін бағасы зор.Теңгенің енгізілген сәті... ел тарихындағы ең айқын күннің бірі дейді,ол.

Сәкен Тәженов – Түркістан қалалық қазпошта бөлімінің басшысы

Ширек ғасыр өтседе, біздің төл теңгеміз әлемдік валюталардан кем емес. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде-ақ халықаралық нарықты мойындатты. Бүгінде шетелдік сарапшылар Орталық Азиядағы тұрақты валюталардың қатарында екенімізді айтады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.