Түкістанда коммуналдық тарифтер төмендеуі мүмкін

16 Қараша, 2018 518 0

Түркістан қаласында коммуналдық тарифтер төмендеуі мүмкін. Бұл туралы коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша өткен қоғамдық қабылдауда айтылды. Сондай-ақ жиында жылу беру жүйелерінің жай-күйі де талқыланды. Деп хабарлайды newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жылудың жыры жиынның басты тақырыбына айналды. Түркістан қаласындағы №1-ші және 2-ші шағын аудан тұрғындары жылудың біркелкі берілмейтініне наразылықтарын білдірді. Ал қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекеме басшысының бұған айтар өз уәжі бар. Оның пікірінше, жылу барлық тұрғын үйлерге бірдей беріледі. Бірақ тұрғындар өз пәтерлерінің ішіндегі жылу құбырын уақытында ауыстырмағандықтан, осындай мәселелер туындайды. Ішкі жылу жүйесін ауыстыру тұрғындардың өз шаруасы дейді.    

 

Ерғазы Рысбеков – "Түркістан жылу" мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Тұрғындар айтып жатыр ғой, бір бөлмем ыстық, екіншісі суық деп. Біз бәріне жылуды бірдей береміз. Жылу келген құбыр ыстық, кері қайтқаны жылы дейді. Сол үшін тұрғындар жазда құбырларын тазалап, ауыстыру керек еді. Бірақ 90 пайызы ауыстырмаған. Біз соған қарамастан жылуды өз деңгейінде беріп отырмыз.

Жалпы бұндай түйткіл қайдан туды?  Мәселені қалай шешуге болады? деген сауалға  келгенде, бұл - тұрғын үйлердің "пәтер иелері кооперативіне" қосылмағандығы белгілі болды. ПИК-пен жұмыс істейтін үйлерде бұндай мәселе жоқ боп шықты.

 

Қарлығаш Сейітжапарова, Түркістан қаласынынң тұрғыны

 

КСК болғалы бері өте жақсы болды. Біз сол кісінің өзіне бәрін тапсырып бердік. Қазір жылу да, тазалық та бәрі сол кісі өзі қарап жатыр таза. Ал КСК-сы жоқ кісілер өздері істейді, айқай-шу болып жатқаны содан.

Жалпы Түркістан қаласында 76 көпқабатты тұғын үй бар. Соның тек 8-і ғана "пәтер иелері кооперативіне" қосылған.   

 

Нағима Ермаханова, ПИК басшысы

 

Подвалдардың бәрі шіріп кеткен, ешкім қарамаған. Кеңес кезінен қалған құрылғылар. Соның бәрін ауыстырдық. Халық КСК дегенге үйренбеген, КСК деген ол не дейді. Түсіндіреміз айтып жатырмыз.

Шаһарда 2 жылу қазандығы жұмыс істейді. Оның бірі негізгісі, екіншісі қосалқы. Екеуі де биыл жаңғыртудан өткен. Жылу маусымында 15 мың тонна көмір жағады. Көмір демекші, егер тасымалдаушылар қара алтын бағасын түсірсе, жылудың да тарифі төмендемек.

 

Ерболат Ибрайханов  – Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы

 

Қазір ол жаққа тапсырма берілді. Көмірдің бағасын түсіру туралы, өйткені біздің жылу қазандықтары жылумен ысиды. Егер көмір бағасы түсіретін болса, біз де тарифті түсіреміз. Облыстағы жарықтың 80 пайызы жарықты СКО мен Жамбылдан алады. Газ да солай.

Департамент басшысының айтуынша, Түркістан облысында  коммуналдық тарифтер бағасын төмендетуге толық мүмкіндік бар.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.