Түркістандық тұлға: «Өмірім-өнерім» атты шығармашылық көрме өтті

16 Қараша, 2018 813 0

Қазақстанда қолөнердің «Хас шебері» атағы бар-жоғы 4 шеберге берілген. Соның бірі – Бибажар Симова. Қазақстан суретшілер және қолөнершілер одағының мүшесі, 60 жылдан астам ғұмырын асыл мұраға арнаған жан, өзінің «Өмірім-өнерім» атты шығармашылық көрмесін өткізді.

Мерейлі кеш 45 жыл табан аудармай еңбек еткен қара шаңырақта студенттермен кездесумен басталды. Бибажар Иманбекқызының өнеріне ынтық жастар көкейде жүрген сауалын жолдады. Ілтипатын білдірді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы жүздесу Бейнелеу өнері музейінде ұйымдастырылған көрмеге ұласты.

Бибажар Симова – Қазақ қолөнерінің «Хас шебері»

Менің өнерімді жастар көрсін, бойымдағы қазақтың салт-дәстүрін үйреніп алсын деген оймен осы көрмені ұйымдастырдық. Аллаға шүкір, қазақтың өнері бай  тек жастар жалқаулық танытпай, жан-жақты болып, үйреніп қалса екен

 «Құндызды құнды етер–түгі, шеберді мықты етер қолмен жасаған ісі». «Хас шебердің» қос қолынан шыққан әрбір дүние мақтауға тұрарлық. Бай мұраны ұрпаққа сынын бұзбай жеткізуді мақсат еткен ісмер, осылай тың серпіліс тудырғаны дау айтқызбас ақиқат.

Жеңісбек Мәуленқұлов – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қолмен жасалған киімдер естен шығып, фабрика тіккен киімдерге қызығушылық мол болып, өзіміздікін естен шығардық... Бибажардың ерекшелігі сол осы бағытта тиянақты тірлік істеп, шәкірт тәрбиелеп, өшкелі тұрған өнердің отын үрледі

 Өмірін қазақтың қолөнеріне арнаған  Бибажар Иманбекқызы 70-ке таяса да шығармашылығын тоқтатпайды. Шеберлігін шыңдап өз ісін жастарға үлгі етуден шаршаған емес.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.