42500 теңгені кімдер ала алмайды?
42500 теңгені кімдер ала алмайды?

«Егер де қашықтықтан жұмыс істеп жатса, жалақысын төлеп немесе толық емес режимде жұмыс істеп жүрсе, жалақысын алып, я болмаса, еңбек заңдылығы бойынша мәжбүрлі тоқтатып, соған жалақысын төлеп жатсаңыз, ондай азаматтарды сіз бұл өтінішке қоса алмайсыз» – дейді Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.Министрлік бір адамның бірнеше рет өтініш беруін доғаруды сұрайды. Себебі, бір адамның атынан түсетін бірнеше өтініш, мамандардың жұмыс істеу уақытын ұрлайды. Телефоныңызға смс келсе, өтініш жібермесеңіз болады.
«Смс алған кісілер бүгін егер сіздер сол жерге «иә» деп «1» басқан болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға, телеграмға өтінішті берудің қажеті жоқ. Сіз ертең өзіңіздің статусыңызды көрсеңіз, сіз үшін өтініш қабылданды деп тұрады. Баршаңызға осындай өтініш» – дейді Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.