Магистрант атануға әлі де мүмкіндігіңіз бар
Магистрант атануға әлі де мүмкіндігіңіз бар

«2020 жылы магистратура мен докторантураға түсу және қабылдау рәсіміне бірқатар өзгерістер енгізілді. Мысалы, мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған және шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар кешенді тестілеудің «Шет тілі» блогынан босатылды», – деп мәлімдеді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.Докторантураға түсу үшін өтініштерді қабылдауды ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының https://pvo-zayav.testcenter.kz сайты арқылы 3 шілдеден 3 тамызға дейін ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүргізеді. Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.