Бәйдібек ауданына ирандық инвесторлар қызығушылық танытып отыр

09 Қараша, 2018 627 0

Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан басшысы Бақытбек Танагөзов ирандық инвесторлармен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды newsroom+ порталы.

Бүгінде заман талабына сәйкес, баламалы қуат көздері іздестірілуде. Соның бір – тегін келіп жатқан күн сәулесі. Күн сәулесін тиімді пайдалану арқылы жеткілікті мөлшерде қуат жинауға болады. Ирандық инветорлармен өткен келіссөздер нәтижесінде Бәйдібек ауданында бірлескен Қазақ-Иран кірпіш шығаратын зауытын ашу жөнінде зерттеу жұмыстары басталғалы отыр.

Алдағы уақытта жоба іске асқан жағдайда ауданға Иран мемлекетінен келген инвесторлармен жүргізілген келіссөздер өз жемісін береді деген сенім мол. Ирандық инвесторлар Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерліктің мүмкіндігі үлкен екендігіне сенімді. Бұған дейін де Иран елінің инвесторлары Түркістан облысының Бәйдібек ауданында бірнеше сала бойынша келіссөздер жасаған болатын. Мұндай келіссөздердің арқасында жергілікті халыққа тұрақты жұмыс орындары ашылып, ауданның дамуына оң нәтижесін бермек.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.