Медициналық сақтандыру қорына ай сайын 45 млрд теңге ақша түсіп отырған
Медициналық сақтандыру қорына ай сайын 45 млрд теңге ақша түсіп отырған

"Жұмысты дұрыс жасамай жылына 10 млрд теңге шығындап келген медсақтандыру қорын тарқатып, медициналық қызметке төлем жасау комитетіне қайтару керек. Қордың арнайы сайтында қаражат туралы құрғақ ақпараттан басқа ештеңе таппайсың. Айта кететін жайт, 2020 жылы бұл қорға ай сайын 35-45 млрд теңге ақша түсіп тұрған",-деп мәлімдеді "Talap" қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев.Коронавирус індетінің таралуының алғашқы айларында қор кеңсесіне 23 қысқа толқынды пеш, 62 дана сағат пен басшылық отыратын жерге 45 картинаға тапсырыс жасалғаны анықталды. Жалпы сомасы 2,5 миллионды құраған. Ағымдағыы жылы қордың елордадағы бас кеңсесіне 4 автокөлік жалға алынған. 23,8 млн теңгені құртылған. Қордағы штат саны 900-ге жуық. 802 кеңсе компьютерлеріне тапсырыс берілген. Қор шотынан 250 миллион 625 мың теңге жойылған.
"Антикризистік шаралар аясында "СҚ-Фармацияға" 120 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді",-деді әлеуметтік медицина сақтандыру қорының басқарушы директоры Азамат Өміртаев.https://youtu.be/WNur64q6Nos