Жаңалықтар

Теміртауда карантин режимін бұзған дүкенге 640 мың теңге айыппұл салынды

Теміртауда карантин режимін бұзған дүкенге 640 мың теңге айыппұл салынды

 width= Жедел ден қою орталығы түнде рейд жасау барысында Теміртау қаласында карантин режимін сақтамай жұмыс жасап жатқан бірнеше орындарды анықтады. Олардың ішінде ТҚС, көлік жуу, кальян, барлар мен дүкендерге баса назар аударылды. Қаладағы орталық көшенің бірінде орналасқан "Алтын" дүкенінің басшыларына 640 мың теңге айыппұл салынды. Оған себеп дүкен шектеу шараларына қарамастан кешкі 22:00 ге дейін ашық тұрған. Дүкенге келген адамдардың қашықтықты сақтамауы да бар. Сонымен қатар санитарлық ережені сақтамай, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін   "Eclipse" лаунж-бары мен "Prize" автокешенінің басшылары жазаланады.