Жетісай ауданының ардагерлері бас қосты

10 Қараша, 2018 495 0

Пленумда аудан ардагерлері Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы Жолдауындағы айтылған мәселелерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды newsroom+ порталы.

Сонымен қатар, бүгінде күн санап қатары өсіп келе жатқан суицид, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен ерте жүктіліктің алдын алуда ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу керектігі сөз болды. Ислам дінімен біте қайнасқан салт-дәстүрімізді сақтау, жаназаларда ата-атаға, ру-руға шапан таратып, аста-төк дастархан жаюдың қате екені де жетісайлық ардагерлердің назарынан тыс қалмады.

Пленум соңында қоғамның сынағынан сараланып жеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіруде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен ынтымақты сақтауда аянбай тер төгіп келе жатқан аға буын өкілдерінің бірқатарына Жетісай ауданы әкімінің, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының алғыс хаттары табыс етілді.

"Ынтымақ" қоғамдық бірлестігінің "Әйтеке бидің 350 жылдық" медалімен марапатталып, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасарлары сайланды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.