Мақтаарал ауданы 90 жылдық мерейтойға дайындықты сенбіліктен бастады

12 Қараша, 2018 779 0

Қарашаның 16,17,18 күндері өтетін Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Осыған орай аудан әкімінің бастамасымен аудан көлемінде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, әсіресе мерейтой өтетін Мырзакент кентінің орталық алаңы мен Атакент кентінің орталық стадионын көріктендіру жұмыстары жасалды, деп хабарлайды порталы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы Б.Асанов тазалық жұмысының барысымен танысу үшін аудан орталығы Мырзакент кенті мен Атакент кенттерін аралап көрді. Сенбілік барысында орталық көшелердегі тозған билбордтарды дереу жаңартып, кәсіпкерлер тарапынан бейресми ілінген жарнамалық баннерлерді алып тастау үшін тиіс мекемелерге тапсырма берді. «Ауданның кіреберісінен бастап Мырзакент кентіне дейінгі республикалық жолдардың бойында 90 жылдық мерейтойға байланысты билбордтар орнатылуы тиіс.

Тұрғындар мерекелік көңіл-күйде болуы үшін Мырзакент пен Атакент кенттерінің орталық көшелеріне ленталар ілініп, тазалық барлық жерде сақталуы керек» - деді Бақыт Нәсірханұлы. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлерден бастап, білім, спорт, денсаулық сақтау мекемелерінің, жекеменшік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты. Айта кетейік, аудан көлемінде өткен тазалық іс-шарасына 2 кент, 9 ауылдық округтен 2 мыңнан аса адам және 30-дан аса техника қатысып, 410 тонна ретсіз күл-қоқыс шығарылды.

48 шақырым көшенің бойлары, 12 шақырым аяқжолдар тазаланып, ретке келтірілді. Одан бөлек, көпқабатты үйлердің аумақтары мен кіреберістері, 1431 шаршы метр үй іргелік аулалар, 903 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер қоқыстан арылды.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.