42500 теңге 20 шілдеден бастап төленеді
42500 теңге 20 шілдеден бастап төленеді
Карантин режиміне байланысты әлеуметтік жәрдемақы үшінші рет төленгелі жатыр. 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап жәрдемақы таратыла бастайды.
Біржолғы көмекті:
- Жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер
- Карантин шараларының күшеюіне байланысты қызметінен шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ала алады.
"Әлеуметтік жәрдемақыға тоқталайын.Төлемді балалар санына қарай беру керек. Өйткені 42500 теңгені алатын ересек адамның 3 немесе одан да көп баласы болатын болса тағайындалған қаражат жетпейді. Ресейде отбасыға арналған барлық жәрдемақы көздерін бала санына қарап береді. Әр балаға берілетін көмекті есепке алады. Меніңше, бұл тиімді әдіс",-деді Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде.