Қаз-қатар қазылған зираттар халықты шошытты
Қаз-қатар қазылған зираттар халықты шошытты

"Басында мәйітті мырышпен көмсін деді, кейін табытпен көмуге рұқсат берді. Халық әбден шатасты. Қайтыс болғандардың саны шамадан тыс көп болғандықтан зират қызметкерлері үлгере алмай жатыр. Мемлекет көр қазу жағын шешуге көмектессе екен, бір жағына шығарып берсін",- Жерлеу агенттігінің басшысы Людмила Пучерова.Вирус алғаш тарап жатқан уақытта қайтыс болған жандар бөлек жерленеді деген талап жайына қалған. "Коронавирустан көз жұмғандарды санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып кез келген зиратқа көмуге рұқсат етілген",- "АСТАНА АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БЮРОСЫ" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ НҰРБОЛАТ АБДРАХМАНОВ. Талдықорған облысы тұрғындарының айтуы бойынша марқұмдардың саны артқаны соншалық қабір қазатын адам табылмаған. Семей облысында да жағдай мәз емес. Вирустан бөлек пневмониядан қайтыс болған адам санында шек жоқ. Қабір қазатын азаматтар өмір мен өлімнің екі ортасында жүргендей күй кешіп жүргендерін жасырмады. Осыған дейін коронавирусты "симптомды және симптомсыз" деп санақты екіге бөліп келген еді. Кейін бір тізім етті. Қоғам белсенділері үкіметтен статистиканы мың құбылтпай нақты ақпарат берулерін талап етіп отыр. "Статистиканың сиясы өшпейтіндей. Елімізде бүгінде 65 мың адам коронавирус жұқтырса, 35 мың адам сауығып, 375 отандасымыз жер қойнауына аттанды. Ал пневмониядан қайтыс болған адамдар саны нақты айтылмайды",-Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі жазбасынан алынды. https://www.youtube.com/watch?v=4gBvz_eNCJE