Жаңалықтар

Халық ақшасына алынған ИВЛ аппараттары неге бірден таратылмады?

Халық ақшасына алынған ИВЛ аппараттары неге бірден таратылмады?

[caption id="attachment_14519" align="alignnone" width="1500"] width= «Айдың нұры» және «Дәулеттен» қоры халықтан ақша жинап Түркиядан Қазақстанға 225 ИВЛ аппаратын жіберген. Бірақ, «Айдың нұры» қорының жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева аппараттардың қоймадан шығарылмай жатқанын айтып, өзінің әлеуметтік парақшасына пост жариялаған еді.[/caption] Оны СІМ былай түсіндірді:
«Шетелден келетін көмекті қабылдаудың өзіндік нормалары бар. Келген медициналық жабдықтар белгілі тексерістен өту керек. . Өйткені, әңгіме халық денсаулығы туралы. Түркиядан келген медициналық аппараттардың жиналу қағаздарынан бастап, сәйкестендіру кодтарына дейін тексерілді. ИВЛ аппараттары тиелген борт таңғы 2:00 келді. Түскі 13:00 таратыла бастады» - дейді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
СІМ үкіметтік емес ұйымдардың, компаниялардың, жекелеген азаматтардың шетелден жіберетін көмегінен бас тартпайтынын жеткізді. Тек олардың барлығы белгілі стандартқа сай, тексерістен өтпей тұрып таратылмайды.