Мақтааралдық жігіт қошқар көтеруден жаңа рекорд орнатты

14 Қараша, 2018 724 0

Мақтарал ауданының 90 жылдық мерей тойында қошқар көтеру сайысы бойынша Мақтааралдың жаңа рекорды орнатылды, деп хабарлайды newsroom+ порталы.

Бүгінгі мереке мәдени іс-шаралармен ғана емес спорттық ойындарымен де қызықты өтті. Мұнда ұмыт болып бара жатқан спорттық ойындар қайта жаңғыртылып, жеңімпаздар марапатталды. Мақтаарал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қол күресі, гір тасын көтеру, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, қазақ күресі және қошқар көтеру сынды қазақтың ұлттық ойындары бойынша жарыстар өткізілді.

Осы аталған спорттық сайыстардың ішінде көпшіліктің назарын аударғаны «Қошқар көтеру» сайысы болды. Өйткені, аталмыш сайысқа сайдың тасындай іріктелген құрыш білекті 10-ға тарта қатысушы жігіттердің ішіндегі бәсеке өте тартысты болды.

Қатысушылар арасында өзінің мықтылығын дәлелдеп, салмағы 45 келі болатын қошқарды 405 рет көтерген Оралхан Исмаилов бас жүлдені иеленіп, Мақтаарал ауданының жаңа рекордын орнатты. Ал, қошқарды 400 рет көтерген Берік Өтегенов екінші орынды, 372 рет көтерген Пердехан Оралбай үшінші орынды иеленді. Аталмыш жарыстың жеңімпазы Оралхан Исмаиловқа бас жүлдеге өзі 405 рет көтерген 45 келілік қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары табыс етілді.

лтеме көрсету талап етіледі.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.