Жаңалықтар

Қырғызстандық азамат билік үстінен арыз түсірді

Қырғызстандық азамат билік үстінен арыз түсірді

 width=Қырғызстан азаматы Раушан Айткулова билікті елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жауапқа тартуды талап етіп, бас прокуратураға арыз түсірді. Бұл туралы Азаттық радиосына Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Прокуратура өкілі арыздың толық мазмұнын айтқан жоқ. "Арыз жалпы бөлімде тіркелді. Үкіметті, президент әкімшілігіндегілерді жауапқа тарту туралы арыз" деді Кубатова. Бұған дейін Раушан Айткулова деген азамат әлеуметтік желіде пандемиядан қаза болған адамдардың өлімі үшін президенттің, премьер-министрдің, үкімет мүшелерінің үстінен Бас прокуратураға және парламентке арызданғанын жазған. Арызға қатысты президент әкімшілігі, үкімет пікір білдірген жоқ.