Түркістан: Кентауда халық әндерін насихаттайтын байқау өтті

16 Қараша, 2018 740 0

Кентау қаласында "Жүректерге жол тапқан - ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" ән байқауы өтті, деп хабарлайды newsroom+ тілшісі.

Аталған іс-шараны оқу орны мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе ұйымдастырды. Арнаулы кәсіптік колледж студенттері кәсіби әншілермен тәжірибе алмасып, халық әндерін насихаттау, сонымен қатар ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру және қолдау көрсетті. Іс- шараға қатысушылар ән айтумен қатар, өз өнерлерінде көрсетті. Халық әндерін орындау барысында тақырыпқа сай көріністер қойылып, бейнеклиптер көрсетілді.

Сонымен қатар, әр жұп арнайы "Жұлдыздар" шайханасында қонақ болып, қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп көрермендердің қошеметіне бөленді. Тартысқа толы болған байқауда жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен мараптталды. Байқау соңында барлық жұп бірлесе "Екі Жұлдыз" әнін шырқады. Бұл байқау енді жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

 

 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.