Түлкібаста сүт өңдейтін кәсіпорындардың қатары артып келеді

14 Қараша, 2018 706 0

Бүгінде Түркістан облысы бойынша жылына 130 тонна өнім өндіруге қуатты 40 тан астам сүт өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды newsroom+  ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.

Міне, сондай кәсіпорындардың бірі- Майлыкент сүт өңдеу цехы. Ауданда бұдан да өзге мекемелер іске қосылу жоспарланған. Қазір Ақбиік ауылында сүт өңдеу цехы іске қосылуда дайын.

Түлкібаста көңіл қуантарлық тірліктер көп-ақ. Таяу арада ауданда отандық инвесторлардың қолдауымен құны 2,5 милиард теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге аспақ. Өңір халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында Ақбиік ауылында тәулігіне 5 тонна сүт өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Жұрт көңілінен шыққан жобаның жалпы құны 236 миллион теңгені құрайды.

Мұстафа Желдібаев –Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы және кадастрлық бөлімінің басшысы

-Отандық өнім есесін арттыру мақсатында ауданда 4 сүт өндіретін фермалар жұмыс атқарады.Солардың бірі Майлыкент жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Үш ауылдық кооперативтар құрылған.Әрқайсысының үйінде 2-3 сиырдан бар.Күндігіне 5 тонна сүт сауылады. Сол сүтті Майлыкент сүт зауытына әкеліп өткізеді.

Түлкібас ауданында сүтті мал шаруашылығы дамып келеді.Өндіріске қажетті сүт алыстан емес ауыл маңындағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Соның арқасында бұл аймақта шикізат тапшылығы жоқ.

Азаттық елді мекеніндегі «Майлыкент Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күніне 5 тонна сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы. Нагира Тәукебаева- бас технолог Бесінші жыл болып жатыр өнім шығарып жатқанымызға. Сол уақыт ішінде біздің өнім жоғары сұранысқа ие. Болып жатыр.Біздің халыққа зертхананың керегі жоқ.Қазір тұтынушыларымыздың талғамы жоғарыСырттан келіп жатқан өнімдерді көріп отыр. Соның ішінде отандық өнімге өздерінің тоқтамдарын жасап қойған.

Ашылғанына 5 жыл болған Майлыкент сүт зауытында 50- ден астам жергілікті тұрғын жұмыс істейді.Бүгінде кәсіпорында табиғи сапалы өнімнің 12 түрі шығарылады. Өндірілген өнім бүкіл өңірге тарайды.Алдағы ауқытта сүт өнімдерін облыстан бөлек Қазақстанның өзге аймақтарына шығару жоспарлануда.

 

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.