Анасын жер қойнына тапсырған Саят Медеуовтың әкесі де қайтыс болды
NewsRoom
Анасын жер қойнына тапсырған Саят Медеуовтың әкесі де қайтыс болды
Шілде айының басында анасынан айырылған Саят Медеуов әкесін де жер қойнына тапсырды.
Осыдан екі апта бұрын әншінің анасы қайтқандығын естісек, бүгін әкесі де о дүниеге аттанды. Бұл хабарды instagram желісіне досы Серік Абас-шах жариялады.
"Саят Медеуов бауырымның анасы бірінші шілдеде көз жұмған-ды. Араға екі апта салып әкесі қайтыс болыпты. Арасы екі-ақ апта.
Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар? Бір сөзбен айтсақ - құсалық. Адал махаббат деген әдемі сөз емес, осы ғой.
Екеуінің мекендері жұмақ болсын! Ауырмаңыздар! Қасыңыздағы жандардың қадірін біліңіздер! Өмір бір-ақ рет беріледі", - деп жазды ол.