Мақтааралдық әжелер қоғамдық ұйымы ауданның 90 жылдығын атап өтті

14 Қараша, 2018 583 0

Бүгін Мырзакент кентіндегі «Ай-Ару» мейрамханасында әжелер қоғамдық ұйымы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, салтанатты кешті ашып берді, деп хабарлайды newsroom+ порталы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Киелі Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойын 16, 17 және 18 қараша күндері өткізу үшін дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз. Өткенімізден сабақ алып, жаңа құрылған ауданымыздың болашағын дұрыс бағытқа бағдарлау – мерекеміздің басты мақсаты. Сондықтан, ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын атап өтудің маңызы зор деп ойлаймын» - деді Алтын Ешанқұлова.

Мырзакент кентінің әкімі М.Ердешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер қоғамдық ұйымының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Елбасымыздың сыныптасы Р.Төлемисовалар салтанатты кеште сөз сөйлеп, ауданның 90 жылдық мерейтойымен барша мақтааралдықтарды құттықтады.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.