Селфи жігітті 99 жылға түрмеге қамалудан құтқарды

17 Қараша, 2018 836 0

Техас тұрғыны (АҚШ) өзін аса ауыр қылмыс жасады деген айыпқа қатысы жоқтығын дәлелдей алды. Тергеу орындары  бұған селфидегі суретті негізге алған, деп хабарлайды KVUE телеарнасы. 

Кристофер Прекопия осыдан тап бір жыл бұрын тұтқынға алынды. Бұрынғы қызы жас жігітті  қастандық жасады деп айыптаған. Бойжеткеннің айтуынша, Кристофер үйіне баса-көктей кіріп, пышақпен кеудесіндегі кресті кесіп алған. Прекопия  болса, тап шабуыл жасаған уақытта өз отбасымен қылмыс орнынан 65 шақырым жерде қонақүйде кешкі ас ішіп жатқандығын айтады. Бірақ полиция қыздың сөзіне сенген. Айыптаушылар Кристоферді 99 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.

 Кейінірек туыстарына  соттың босатуы үшін кепілге 150 мың доллар беруге тура келді. Ер адамның  кінәсіздігін селфидің көмегімен толықтай дәлелдеудің сәті түсті. Прекопияның анасы  шабуыл жасалған күні күллі жанұясымен бірге қонақүйде кешкі тамақ үстінде фотоға түсіп, оның әлеуметтік желіге салынғанын еске түсіреді. Осы суретті Фейсбуктен көрген  полиция сендірерлік дәлел ретінде қабылдады. Кейінірек мәлім болғандай,  жігіті тастап кеткен қыз осылайша кек алмақ болған.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.