Жаңалықтар

Журналист: «Басты проблема COVID-19 бен пневмония емес, күкірт»

 width=
Әлеуметтік желіде журналист Бозекенов Тәуірбектің жазбасы жариялана салып, жаппай БАҚ тарата бастады. Автордың жазуынша, Атыраудың басты проблемасы COVID-19 бен пневмония емес, күкірт. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Дәл қазір «Мұнайлы АСТАНА» деп айдар таққан Атыраудың басты проблемасы COVID-19 бен ПНЕВМОНИЯ емес, КҮКІРТ болып тұр. Мұнай компаниялары ауаға жіберген осы күкірттің кесірінен қаншама адамның ұйқысы қашты, басы ауырып жүр, аллергия, тіпті кейбірі ұйқысынан оянбай қалып жатыр. Ол кісілердің «Жаны жәннат болсын» деп шектелеміз. Амал жоқ! Бірақ біз, қашаманға араға күн салып о дүниелік болған жандардың отбасына көңіл айта береміз, а? Осыны шешіп, «Атыраулықтардың жанын қалай аман сақтап қаламыз?» деген мәселені қазір тірі жан көтеріп жатқан жоқ! Тірі жан! Тек Атыраудың мұнайын «Сору, сору және сору». Сорып, көзден ғайып болса екен, уын шашып кетеді. Иә, күлкілі етіп айтып жатырмын. Бірақ Менің Атырауым дәл қазір қырылып жатыр, қарылып жатыр дем жетпей.
Аты жаман аурудың бізде тез таралып жатқанына да осы КҮКІРТ себепші! Халықтың иммунитетін әлсіретіп жатқан да осы КҮКІРТ!
Қайран Атырауым, қайран Ақ Жайығым!!! Көзіме жас тығылып тұр. Ол жас қап-қара қанға айналғалы қашан?! Бір Аллаға аманат! Өйткені қазір биліктен де басқасынан да еш қайыр жоқ! Ал жергілікті тұрғындар «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» күйін кешіп жүр. Дәлел керек болса, міне видео! Таңда тұрып ерінбей түсіріп алғам жоқ, әдейі. Сасық иістен ұйықтай алмадым! https://www.facebook.com/Tauirbek/videos/1447251752143807