Түрксіб ауданында ұл баланы зорламақ болды деген күдікпен 59 жастағы ер адам ұсталды
Түрксіб ауданында ұл баланы зорламақ болды деген күдікпен 59 жастағы ер адам ұсталды
Аулада ойнап жүрген ұл баланың бірін дүкенге баруға шақырған ер адамның видеосы Instagram желісін шулатып жүр. Kris.p.online парақшасының оқырманы үй алаңының балаларға қауіпті екенін, педофил жүргендігін жазған. Жазасыз қалуы мүмкін деген пікір білдірген.
«Балаларға қараған көзқарасы күмән тудырғаннан кейін көршісі ер адамның соңына ілескен. Аңдып келе жатқанын аңғарған күдікті балаға бұта арасына тығылып, күтуін сұраған. Бұл жағдайдың барлығы бейнекамераларда айдан анық көрініп тұрған соң, баланың ата-анасы құзырлы органдарға арыз жазды. Алайда ер адам ұсталып, бүгін босатып жіберген. Іс жабылды»,- деген хабарлама әлеуметтік желілерде тараған.«Іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді полиция өкілдері. Оқиға Алматы облысы Түрксіб ауданында болған. Департаментке арыз 10 шілде күні түскен. «Қазіргі таңда бұл іске Түрксіб аудандық қылмыстық атқару жүйесі бөлімі жауапты. Балаға су сатып алғысы келгендігін айтқан 1961 жылғы күдікті ұсталды. Бірақ оқиғаның толық мән-жайы енді анықталады»,- деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметкерлері.