"Қазақстандамыз". Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

17 Қараша, 2018 1037 0

Мәдениет және спорт министрімен кездескен әнші Димаш Құдайберген қазақстандық журналистердің орыс тілінде қойылған сұрақтарына қазақша жауап берді, деп хабарлайды  newsroom+ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

Мәдениет және спорт министрлігінде Димаш Құдайбергеннің 19 қарашада Лондонда өтетін жеке концертіне дайындық барысы талқыланды. Кездесу барысында БАҚ өкілдері жас әншіге екі тілде сұрақтар қойды. Бірнеше тіл меңгерсе де, Димаш барлық сұраққа тек ана тілінде жауап берді.

"Рұқсат болса, мен қазақша жауап берейін. Қазақстандамыз", — деп сөзін бастады ол.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.