Ізгілендіру жұмыстары жалғасуда

16 Қараша, 2018 739 0

2018 жылдың 12 шілдедегі ҚРЗ №180-VI  бойынша «Қазақстан Республикасының қылмыстық,қылмыстық-процессуалдық заңдылықты және құқық қорғау мен арнайы мемлекеттік органдардың кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заңды орындау мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметі мен Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры А.Артықбаевпен бірігіп, аудандық прокуратурада жаза түрін ауыстыру баламасы қолданылатын тұлғаларға қатысты осы заңды қолдануға байланысты дөңгелек үстел өткізілді. 

ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес бас бостандығын шектеу сотталған адамға 6 айдан 7 жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне 4 сағаттан асырылмай өтеледі. 

Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар,кәмелетке толмағандар,жүкті әйелдер,3 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдер,3 жасқа дейінгі балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63 жастағы және ол жастан асқан әйелдер, 63жастағы және ол жастан асқан еркектер,1 немесе 2 топтағы мүгедектер, сондай-ақ жазасы 6 айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.  Соңғы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты пробация қызметі бөлімінің инспекторларымен қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың мәжбүрлі еңбек сағаттарын қысқарту, қоғамдық сағаттарын, жаза мерзімін қысқарту Заңды қолдану бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп, аудандық сотқа 18 жадығат жолданды. 16-жадығат қаралды.  Қазіргі таңда сот қарауында 2 жадығат қаралуда.  

Г.Е.Ешмагамбетова

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметі аға инспекторы

әділет капитаны  

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.