Түркістанда мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері қызықты акцияға қатысты

13 Қараша, 2018 682 0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен мемлекеттік қызмет мектебінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Студенттердің ХҚКО-дағы бір күні» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында ұйымдастырылды. Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен таныстыру және халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету. Акция аясында мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша электрондық қызметтерді насихаттап, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді. Естеріңізге салсақ, бұдан алдын мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну мақсатында департаментпен ашық есік күні ұйымдастырылған болатын. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.

Акцияның мақсаты студенттерге электронды қызметтің түрлерімен таныстыру және халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету.

Тегтер: қоғамдықжұмыс, Түркістаноблысы, студенттер, іс-шара

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.