Арыс қаласында "Отан - отбасынан басталады" байқауы өтті

10 Қараша, 2018 714 0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz ERNUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

Байқаудың үш кезеңі: Отбасын таныстыру, отбасылық өнер және үй тапсырмасы бойынша қала және ауылдық округтерден келген отбасылар қатысып атсалысты. 

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар, І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды. Естеріңізге салар болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.



Тегтер: Түркістаноблысы, отбасы, мәдениет, руханижаңғыру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.