Жаңалықтар

Шымкент: инвесторлар көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

Шымкент: инвесторлар көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.  width=Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Барлық санитарлық талаптар сақталған.  width=Жалпы қалада бүгінгі күні коронавируспен күреске арналған 650 төсек-орын, 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар, ал ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек-орын жасақталды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі