
«Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Біздің тарыпымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар»,-деді өңір басшысы.
Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтер, не 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қортындысымен 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі