Кентаулық 74 жастағы ақсақал жастарға спорттық жаттығу жасап берді

10 Қараша, 2018 712 0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында көпке үлгі болған ардагер кенші, әнші, салауатты өмір салтын ұстанушы Кентау қаласының тумасы Жеңіс Берікқарамен мектеп оқушылары және колледж студенттерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды newsroom.kz қалалық жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аталған кездесуде қазыналы қарт бала кезіндегі сүйіп ойнайтын ойынын, өзінің салауатты өмір салтын қалай ұстанатынын, өнерге жүрегі жақын екенін ерекше әңгімелеп, қазақтың қара домбырасымен бірнеше халық әндерін нақышына келтіре орындап берді. Сондай-ақ жастарға әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты екендігін түсіндірді. "Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуы -бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс. 

Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу зиянды әдеттер. Қайта бос уақытты тиімді өткізуге, белсенділік танытуына, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтын ұстануға жұмсау керек", дейді жасы 74-ке келседе әлі спортпен шұғылданып жүрген атамыз. Қазіргі таңда Жеңіс ата қала жұртшылығы алдында үлкен беделге ие абзал жан. Бүгінгі ортаға салынған сауалдар мен оларға берілген жауаптардың яғни, нақыл әңгімелердің барлығы дерлік оқушылардың жанына азық, келешектегі тыныс-тірлішіктеріне айқын жолдама болары сөзсіз. Уақытын бөліп, жастармен кездесуге келіп, жақсы үлгі – өнегесімен бөліскен кенші, әнші, салауатты өмір салтын ұстанушы Жеңіс Берікқараға ұйымдастырушылар тарапынан сый –сияпат жасалып, жастар қонақпен естелік суретке түсті.

 


Тегтер: Түркістаноблысы, Кентау, спорт, жиналыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.