Жаңалықтар

Шетелден тегін келген дәрі-дәрмек сатылып жатқаны рас па?

"Шетелден тегін келген дәрі-дәрмек сатылып жатыр". "Коронавируспен күресте көмек болсын деп өзгелер жіберген гуманитарлық жәрдемді өзіміздікілер талан-таражға түсірген"! Отандық фармацевтердің басына дәл осындай қара бұлт үйірілді. Белсенді блогерлер парақшаларында Катардан келген қап-қап керек-жарақтың түн ішінде дәріханаларға тығып тасылғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= «Дәрінің орыс және қазақ тілдерінде жазылған нұсқаулығы сары резеңкемен жабыстырылған. Менің сұрағым бар. Біздің дәріханаларда шетелдік препарат қайдан жүр?». Желідегі таласқа тамызық болған тамифлю осы. Айжан қыздың айтуынша, қазақша нұсқаулығы жоқ препарат біздің дәріханаларда заңсыз сатылып жатыр. АҚШ-тан көктемде гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі ме деп күдіктенеді. Бұл жазбаны Наргиз есімді қыз да қошеметтей қойып еді,  Владимир Божко бірден араласты. "Наргиз Северная деген есімді тұрғынның постын көрдім. Астына жазылған талай теріс пікірлерді де түзіп шықтым. Вице-Премьерден бастап, депутаттарды белгілеп, жауап беруін талап етіпті. Дұрыс дедім. Кейін ол кісіден бұл оқиға қашан, қай қалада, қай дәріханада болды деп сұрақ қойып ем, пікірімді жойып жіберіпті".ҚР МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ВЛАДИМИР БОЖКОНЫҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ. Наргиз олай емес деп ақталды. Хош. Айтыс-тартысты өздеріне қалдырдық.  Бізге басты мәселе тегін келген дәрі қарашаға ақшаға сатылып жатыр ма? Сол дәріхананы таптық. Сұрадық. - Тамифлю деген дәрі бар ма? Жоқ па? - Было закончилось! 9865 стоило! - Қашан бітіп қалды? - Ол кеше біткен, қашан келетінін білмеймін". Сатушының сөзінше, олар тапсырыс жасайды тек, компаниялар жеткізеді. Ал қайдан, қалай алатынына бас қатырмайды. «Тамифлюді алып келген қайсы компания? бізге іңкәрдән келді. Біз ол іңкәрдан алғанда сен қайдан алдың деп сұрамаймыз ғой". Суыртпақтап сұрап ек, күдігін жасырмады. Бүгінгі тамифлю бұрынғыдан өзгерек деді. «Раньше я тамифлю продавала вот такую, узкая такая,  сейчас она два раза шире. Жалпақ болып келді». Осыған тікелей жауапты министрліктің жауабы мынадай! ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ "Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетіне арыз жазуға болады. Егер расында солай болса, бұл заңға қайшы!". Арыз жазу керектігін де, заңға қайшы екенін де біз білеміз. Керегі қиналған жұрт тегін дәріні неге сатып алуы тиіс? НАРГИЗ СЕВЕРНАЯ, БЛОГЕР: "7-шілде күні, кешке дәрі іздеп 20-шы аптекаға келе жатқанмын. Кенет қорап-қорап дәрілерді кіргізіп жатқанын көрдім.Сыртында Катар деген жазуы бар. Жүрегім дір ете қалды". Дір еткені  2 ай бұрын бізге Катардан көмектің жеткені. Оны да сатып жатыр ма деген күдік қой. Жәрдемді таратуға СК-Фармация жауапты еді. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Иә, расында Қатардан гуманитарлық көмек келді. Бізге жеке қорғаныш құралдары әкелінді. Дәрілік заттар келген жоқ.Әзірше келген тауар қоймада тұр. Ешқайда шығарылған жоқ". Яғни есептеп қарасақ, дәл дәрігерлер киім таппай, шырылдап көмек іздеп жүргенде. РОМАН ЛАВРИНЕНКО, ДӘРІГЕР: "Факт то, что вся дежурная смена была одета не в одноразовые костюмы. Не вышли на работу". Керек жарақ елу күннен бері есебін таппай құр тұр. Неге? БЕРІК ШӘРІП, "СҚ-ФАРМАЦИЯ" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ "Бізге жан-жақтан көмек көп келіп жатыр. Қытай, АҚШ, Ресей, енді, Үндістан, Польша, Өзбекстаннан келеді. Қаншама меценат қаржылай көмек берді. Бәрі қайда? Неге дәрі, аппараттар жетпей жатыр? Бар болса неге тығып қойған?". Осы сұраққа тікелей жауапты СК-Фармацияның ізіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсті. ҒАНИЖАН АСАНҰЛЫ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ "Материалдар тиісті уәкілеттік органдарға жіберілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады". https://www.youtube.com/watch?v=x4Evdji4_JM