Жаңалықтар

Тұрғындар: жарық жиі сөніп қалады

Ең болмаса жарығымыз сөнбесін! Электр қуатынан әбден тарыққан Алматы облысының тұрғындары біздің арнадан араша сұрады. Айсұлу шағын ауданында жарық жиі сөніп қалатынын айтады. Ал мардымсыз қуат көзінің әр киловаты үшін 29 теңгеден төлетеді екен, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= Алматы облысына қарасты Айсұлу шағын ауданының тұрғындары Астана күнін тас қараңғыда қарсы алды. Біздің арна тілшілері араласқаннан кейін ғана мамандар ақауды қалпына келтіруге кіріскен. Облыстағы ең қымбат электр қуаты біздің шағын ауданда деп жұршылық ашынуда. Қуат көзінің әр киловатына 29 теңгеден есептегенде айына 9-10 мың теңге төлейді екен. Кейде бірнеше күн жарықсыз отыратын күніміз болады дейді жұрт. ЖЕКСЕМБАЙ ЖЕТЕЕВ, «АЙСҰЛУ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Свет 29 теңгеден төйейміз. Аптасына бір-екі рет міндетті түрде өшеді. Өткен жолы өтірік айтпайын екі-үш апта өтті ма екен шамамен 20-25 өткен шығар бір ай сол кезде 4-5 күн свет өшіп қалды». Жарықтың жырын айтып, айсұлулықтардың бармаған жері қалмаған. Аудан, облыс басшыларын айтпағанда астанадағы бірнеше министрлік пен құзырлы органдарға да шағымданған. Алайда нәтижесі шамалы. Жұртшылық дербес шорт ашып, ел қатарлы тұтынған қуаты үшін ақша төлеуді армандайды. Ауылға 131 миллион теңге бөлініп, электр бағадары мен оншақты трансформатор орнатылған. Алайда аудан басшылығы электр желілерін Алатау жарық компаниясына беруге мүдделі емес, делдалдардан шаршадық деп отыр. СӘУЛЕ ДӘУРЕНБЕКОВА, «АЙСҰЛУ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Өзіміздің лицевой счет ашқымыз келеді. Соған бұлар кедергі жасап жатыр. Не үшін? Вроде біз қарыз емеспіз. Мына жерде Дәмешова деген бар жүгіріп жүріп светіміздің ақшасын соған төлейміз. Контролер әйел бар бізде. Светті жөндеп кететін Шәкен ағалар бар. Енді біз делдалдар мен посрединиктерден шаршадық шыны керек». Елідемекенде бұдан өзге мәселелер жетіп артылады. Көшелерге тұрғындар өздері қаржы шығарып тас төсесе, ауыз су мүлдем мардымсыз екен. Білім беру мәселесі де оңып тұрған жоқ. Ауылда бір емес 4 бірдей мектеп ғимараты бар екен. Ең алғашқысы 1958 жылы салыныпты. Одан кейін араға төрт жыл салып, тағы бір ғимарат салынған. 2000 жылдары жапсарластырып екі қабат, 6 жыл бұрны 3 қабатты ғимарат соғыпты. Оның өзіне балалар бір бірінің үстіне міңгесіп 3 ауысыммен оқиды екен. ГҮЛЗӘКИРА СЕЙІТОВА, «АЙСҰЛУ» ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бәрін қосқанда ескі мектеп пен жағасын қосқанда 180 емес. Қазір 420 орындық. 420 орынға қазір 1600 бала оқып бітірді биылғы жылда. Қалай қарайсыз 3 сменмен суббота күні оқимыз. Пяти дневка деген жоқ. Балалар үш ауысымда оқиды. Үш ауысымдық мектеп деген бар ма мына заманда». БАҚ өкілдері келді дегенді естіген аудан басшылығы жарықты 6 сағат өткенде қосып беріпті. Айтуларынша апат болған көрінеді. Дегенмен әкімдік жуық арада мәселе шешіледі деп сендірді. ЖАНКЕЛДІ ӨМІРӘЛИЕВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Ол 2012 жылы салынған жүйелер. Қазір жаңа құрылыстың өсуіне байланысты бұл жерлердің шамасы жетпейді. Сондықтан аудандық ЖКХ бөлімі тарапынан ол жерде электр жүйелерін, трансформаторларды ауыстыру жұмыстьары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар бір-екі апта ішінде бітеді. Одан кейін АЖК-ға өткізілген соң бұл мәселе шешіледі». Он жылдан астам уақыт ішінде жырықты жөнге келтіре алмаған Талғар ауданының әкімдігі мектеп, жол, көгілдір отын сынды мәселелерді қолға алады дегенге жұртшылық сенбейді. ҰТ. Асхат Мұқан Алматы облысынан. https://www.youtube.com/watch?v=bLiYBCOaCx0