Жаңалықтар

Жерасты дәріханасын ашқан: 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді

Жерасты дәріханасын ашқан: 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді

[caption id="attachment_14059" align="alignnone" width="1600"] width= Prescription medication is strewn about, with pill bottles in the deep background.[/caption] Пандемия кезінде заңсыз дәрі-дәрмек сату және бағаны көтеріп жіберуге байланысты президент қатаң түрде алдын алу тапсырмасын барлық облыс, қала әкімдіктеріне жүктеген болатын. Осы тапсырма аясында Алматы полициясы департаменті дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрған болатын.
«3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді.  Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды.  Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды.  Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда.  Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде », - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.
Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын  дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады.  Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ.  Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді. https://www.youtube.com/watch?v=ewrFapZ1Wr4

Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі