Алматы облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Алматы облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі "Хабар 24" сілтеме жасап хабарлайды.
Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылық саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді.
Сонымен қатар осы дерттен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмды.
Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.