Жаңалықтар

Шымкентте 1430.Kz көмек алу порталы іске қосылады

Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында алдағы аптада 1430.kz. порталы іске қосылады.  width= Аталған сервис арқылы қаланың, ауданның, шалғай мекеннің әрбір тұрғыны үйден шықпай-ақ қашықтықтан медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады. Бұл үшін 1430.kz порталында тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті. Онда жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалық мамандардан көмек ала алады. Алдағы уақытта 1430.kz порталына тіркелу және қолдану туралы қосымша ақпарат беріледі. Осы ретте, өзін-өзі емдеуге және дәрігердің тағайындауынсыз дәрі-дәрмек қабылдауға болмайтынын ескертеміз. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі