Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі босанды
Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі босанды
Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі, актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі босанды. Бұл туралы Newsroom+ тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Актер және режиссердің үшінші әйелін ана атануымен достары мен әріптестері инстаграм-парақшаларының сторисінде белгілеп, құттықтауда. Сәбит Әбдіхалықовты әке атануымен құттықтау мақсатында өзіне хабарласып едік, телефоны сөндірулі екен. Динара Абдуллина - Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театрының актрисасы. Сәбит Әбдіхалықовқа 2019 жылдың желтоқсан айында тұрмысқа шыққан болатын.