Карантинде ашылған кәсіп
Карантинде ашылған кәсіп
Карантинде ашылған кәсіп. Елордада іскер азаматтар осынау қиын-қыстау кезеңде тұрмыстық қалдықтарды өңдеуден өткізіп, бұйымдар шығаратын шағын цехтың жұмысын бастаған. Кәсіпкерлер, кәдімгі полиэтилен пакеттер мен пластикалық бөтелкелерден орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшік дайындайды екен. Бірақ, әзірге олардың тауарларына сұраныс аз. Оның үстіне шикізат көзін де тасымалдау қиындап бара жатқан көрінеді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
[caption id="attachment_13910" align="alignnone" width="512"] Business concept - Planning for future events.[/caption]
"Осы бастамаға, барлық деңгейдегі әкімдерді шақырамыз".
Бұл - премьер-министр Асқар Маминнің өткен жылы экологиялық сенбілік кезінде айтқан сөзі. Содан бері, бір жылға жуық уақыт өтсе де, жағдай өзгере қойған жоқ. Жығылғанға жұдырық болғанда пандемия басталып, коммуналдық мекемелер қоқыстарды тазалап үлгермей жатыр.
Ал, бұл бас қаланың адам аяғы баса бермейтін аудандарындағы қоқыс өңдеумен айналысатын цехтардың бірі. Жұмысшылар, пандемия уақытында құр жатпай тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін, бұйымдар әзірлеу үстінде.
ЕРЛАН МӘМБЕТОВ, ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕЙТІН КОМПАНИЯНЫҢ ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРІ:
"Бізде сатуға дайын тауар болу үшін, оны бояу керек. Ал, бізде бір түске ғана бояп қоймаймыз. Бізде бірнеше түс бар. Клиенттің қалауы бойынша қалаған түсіне бояп береміз. Сол үшін бізде көп заттар, дайын түрде тұрады. Қазір, біздің дайындап қойғанымыз, 200-ге жуық орындықтар. 50 шақты қоқыс жәшігі бар".
Карантин кезінде ашылған өндіріс орнында бар-жоғы 4 адам еңбек етеді. Олар екі айдан бері 7 тоннаға жуық қоқысты өңдеуден өткізіп үлгеріпті.
"Күнделікті тұрмыстық қолданысқа арналған, полиэтилен пакеттері, көлік қозғалтқышының майынан босаған канистрлерді өңдейтін цехтың жұмысымен танысатын боламыз. Ең алдымен бұл пластамассаларды жақсылап үгітеді. Ол жерден мынадай зат пайда болады. Оны арнайы құрылысқа арналған құммен жақсылап араластырады. Ал, одан кейін араласқан затты экструтер деп аталатын қондырғыға салады. Айта кетейік, бұл 160 градусты жоғары температурада қыздырып қоймалжың түріндегі затты алып шығады".
Өткен жылы еліміздегі тұрмыстық қалдықтардың 112 мың тоннасы өңделіп, пайдаға жаратылған. Биыл ақсап тұрған салаға деп 7,5 млрд теңге бөлініпті. Бастама көтеріп, жұмыс орнын ашқан дәл осындай кәсіпкерлерге қосымша субсидия да қарастырылған екен. Осы арқылы қайта өңдеу операторы елімізде 190 мың тонна қоқысты кәдеге жаратпақ.
СЕРГЕЙ ЮРЧА, "ӨКМ ОПЕРАТОРЫ" ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
"Қалдықтарды өңдеу саласына бөлінетін субсидия көлемі жыл сайын құбылып тұрады. Мәселен, биыл 7,5 млрд теңге қарастырылған. Өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд-қа көп. Ол қаржыға біз 190 мың тонна қоқысты қайта өңдеп шығамыз деп жоспарлап қойдық. Бүгінде біз келісімшартқа отырып жұмыс істеп жатқан 65 компания бар. Біз дәл осындай жаңа жобаларды қолдауға әрқашанда дайынбыз".
Компания дайындап шығарған мынадай орындықтардың салмағы 100-150 келі. Қоқыс жәшіктері 50 келіден кем түспейді. Бұл өз кезегінде вандалдық әрекеттің алдын алады, - дейді, кәсіпкерлер.
https://www.youtube.com/watch?v=eMhwZLE0RaY