Жаңалықтар

850 мың теңге жалақы: БҚО санитар іздеп жатыр

850 мың теңге жалақы: БҚО санитар іздеп жатыр

 width= Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы аймақ тұрғындарынан коронавирус инфекциясымен күресте көмектесуді сұрайды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 
"Біздің аймақтағы инфекциялық стационарларда медперсонал жетпей жатыр, жағдай қиын. Мұндай қиын кезде, адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін күресте көзге көрінбейтін жаумен алысу үшін қолдан келетін көмек керек. Сондықтан санитар болып жұмыс істеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.
Заңнамаға сәйкес бұл медициналық мекемелердің қызметкерлеріне жалақы 64 698 теңгеден бастап, плюс І санат бойынша атқарған еңбек сағаттары үшін 850 000 теңгеге дейін төленеді. Үміткерлерге мынадай талап қойылады: - созылмалы аурулары болмауы керек; - 22 және 45 жас аралығында болу керек; - сотталмаған және психикалық сау болу керек; - стреске төзімді болу керек;