Жаңалықтар

Шенеунікке сенсең, птр тест тапсыру оп-оңай  

Шенеунікке сенсең, птр тест тапсыру оп-оңай  

Коронавирусқа күдігіңіз болса, аурумен байланыста болсаңыз немесе жөтел я пневмония маза бермесе, жергілікті емханаға барыңыз. Терапевт дәрігерге айтыңыз, дертіңізге дауа тауып қайтыңыз. Ол өкпеңізді тыңдап, тест тапсыру керек пе керек емес пе соны айтады. Ал жүкті әйелдер астанадағы 6-шы және 9-шы емханада тексеріле алады. Ал егер ақылы түрде ковидқа ПТР сынама тапсырғыңыз келсе, 8 зертхана Сізді қабылдауға дайын тұр. Қысқасы, Қисықова Сәуленің сөзіне сенсең, бара саласың, көре саласың, өте саласың, нәтижесін ала саласың! Оп-оңай, иә? Ал расында бәрі де бас санитар айтқандай ма? Бұл туралы Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды  width= СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Егер науқаспен байланыста болсаңыз, жөтелсеңіз, өкпеңіз қысылса, емханаға барыңыз. Дәрігерден тест өтуге жолдаманы алыңыз! Сөйтіп сынама тапсыра салыңыз! Солай қылдым. «Дәл қазір менің басым ауырып тұр. Сүйек-саяғым сырқырап барады. Бас қаланың бас дәрігері Сәуле Қисықованың сөзін естіп, қуанып қалдым. Өзімнің тұрғылықты мекенжайым бойынша емханаға хабарласайын». - Алло, сәлеметсіз бе, есімім Әсем. Ковидке күдігім бар! Сіздерге ПЦР тест қалай тапсыру керек әлде терапевт дәрігерге бару керек пе бірінші? - С торца дверь провизорная называется, сол жерге барасыз! Айтқан бөлімшеге бардым. Алдында 5-6 адам тұр. Әр түрлі себеппен келген. Бірінің басы, басқасының тамағы мазалайды. Өкпесі қысылып, айналасына вирус шашып тұрған азамат та бар. Диагнозын өзі қойып алыпты. Тест-местіңнің керегі жоқ дейді. «пневмония болғаннан кейін сол ковидтікі ғой». Бұл ағама керек болмаса да, маған керек дедім. ЖОҚ! «Вчера не было! Они должны были дать пробирки они не дают нам. Когда дадут мы незнаем. Қазір енді точно жоқ. Қашаннан бері жоқ? Вчера тоже не было. Сколько дней уже!». Емханада жоқ. СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: В данный момент все лаборатории работают". Зертханаларға да бардық! Біз-біргеміз! Кім бар? Біз біргеміз! Иә, астанада атойлап ашылған тест тапсыруға арналған мобильдік орталық өздеріңіз көріп тұрғандай жұмыс істеп тұрған жоқ. Есіктері құлыптаулы, терезелері жабық. Тірі пендені кезіктірмедік бұл маңда! СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «На платной основе по предварительной записи - в восьми лабораториях. В данный момент все лаборатории работают" Сегізімен 80 минут отырып сөйлесе алмадық. - Алло, сәлеметсіз бе! Сіздерде ПЦР тест тапсыруға болады ма? - ПЦР жоқ, қабылдамаймыз! - Біз ПЦР жасамаймыз! - здравствуйте вас приветствует компания... к сожалению в данный момент все операторы заняты!   Мен ауырып тұрған жоқпын. Жай ғана түр жасап жүргенім жақсы болған. Әйтпесе, көрдіңіздер қаншама жеке клиникаға 8 түрлі зертханаға хабарластым. Бірде бірі жауап берген жоқ. Аузыма су тамызар ақ халатты абзал жанды таба алған жоқпын. Ал шынында төсекке таңылып, тынысы тарылып жатқан қаншама қазақстандық қайтті екен? Бірінші жүкті әйелдер жайлы. Сөз жүзінде! СӘУЛЕ ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Беременные проходят обследования в 6-й и 9-й поликлиниках, а также в территориальных поликлиниках». Ал іс жүзінде! «в 10 часов привозят там за пол часа принимают и все. кто успеет тот успевает и все. 40 пробирок привозят и все. А стоят 120 человек». Хош. Сынамаға байланысты сын көп. Ақшасына да, басқасына да қатысты. Мәселен... Бізде ПТР тест құны 20 мың теңгенің төңірегінде. Түркияда 16 доллар, яғни 6 500 теңге. Ресейде орташа есеппен 8 500 теңге тұрады. Айтпақшы, күні кеше құны 33 миллион теңге болатын 7 мың ПТР-тестті заңсыз сатпақ болған алматылықтар ұсталды.  Жедел-іздестіру кезінде автокөлік пен оның ішінде Қытайда жасалған тағы 2500-дай тест табылды. Ал Сәуле Қисықоваға неліктен іс пен сөз сәйкес емес деп сұрап едік, былай деді https://www.youtube.com/watch?v=5vDn4IYVbeI