Жаңалықтар

Басында вирус бар деп ескермедім

Басында вирус бар деп ескермедім

«Басында вирус бар деп ескермедім, зиянын естісем де тексермедім».  Оқырмандарына ойын Абайша жеткізген ақын Балғынбек Имашевтың өлеңінен келтірілген үзінді. Әу-баста жұқпалы дертті саясат деп, оның барына сенбеген айтыскер қазір сөзін кері алып, аудиториясынан кешірім сұрап жатыр.  Ештен кеш жақсы ғой.  Өкініштісі,  өнер жолында жүрген кей әріптестері кеселге әлі де күле қарайды.  Тіпті миллиондаған оқырмандарын дегеніне көндіріп жүргендері де бар, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  width= «Айнұрды мәңгі, баладым досқа, бұл менің кобрам, из 90-х» Сөзі де, өзі де хит ақын Балғынбек Имашевты айтыс сүйер қауым жақсы таниды.  Тапқырлығымен, суырып- салма ақындығымен миллиондаған жанның ыстық ықыласына бөленді.  Сол үшін айтыскердің әр сөзі халыққа өтімді.  Мәселен, вирус елде енді тараған  шақта індетті биліктің саясаты деп, халықты оған мүлдем сенбеуге шақырған Балғынбек Имашевтың дегеніне ергендер көп болды.  Алайда арада  екі ай өткен соң, ақын ақыры қателескенін түсінген сыңайлы.  Өкінішін парақшасында өлеңмен жеткізіпті. «Басында вирус бар деп ескермедім, Зиянын естісем де тексермедім. Ер «кеткен соң» қабірдің қуысына, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Өзім де маска кимей төске өрледім, «Барлығы саясат» деп дес бермедім. Күнделікті естимін суық хабар, Режим сақтап отырсам өстер ме едім? Жаназадан көз ашпай, Мемлекетті, Карантинге жапқанын теріс көрмедім» Жастардың сүйікті әншісіне айналған Сэй Мо есімді талант иесі де вирусқа сенбейтіндердің тізімінде. 700 мыңға жуық оқырманы бар  ол әлеуметтік желідегі парақшасында  қауіпті індетке қатысты бүй депті. «Ковид-19 инфекциясы елімізде атымен жоқ. Үкімет бюджеттен көбірек ақша  алу үшін халыққа жалған  ақпаратты әдейі таратып жүр. Тіпті тікұшақпен  ауыл-аймақтарға вирусты шашқандарын жұрт өз көздерімен көрді. Кейін дем алуы қиындаған халық  қорыққандарынан амалсыз тест тапсыруға барады.  Сөйтіп сап-сау  адамдарды ауру қылдырып, статистиканы да күн сайын көбейтіп жатыр» Ал әнші Жолбарыс Сейфулиннің вирусқа сенетіні я сенбейтінің қайдам, бірақ індеттен сақтанамын деп, дезинфекцияны мөлшерден көп жасаған сияқты.  Дүкендердің бірінде мас күйінде шу шығарды. «Это кто такой вообще? Сейфуллин Жолбарыс білесің иә? Сен кімсің маған сөйтіп айтатын? Я ему че то плохое сказал?» Ал әне үйленем, міне үйленем деп бірнеше жылдан бері екі ойлы жүрген актер Тәуекел Мүслім тойын дәл карантиннің қызып тұрған шағында жасаса,  кей елге танымал вайнерлер  вирусты әзілге айналдырып, желіде қылжақтап жүр. «Осылай біздің қазақ пока өзіне тимегенше до последнего не верят. Вот и тебя коснулся вирус. Да нет  маған просто суық тиді» Бұл ретте, дәстүрлі әнші Арайлым Рахымқызы өнер жолында жүрген кей әріптестерінің мұндай әрекетін түсінбей дал. Миллиондаған аудиториясы бар олар әр сөзін  сүзгіден өткізіп, мұқият айтуы керек. Өйткені халық біздің әр сөзімізді аңдып, әр ойымызға имандай сенуі мүмкін, дейді. АРАЙЛЫМ РАХЫМҚЫЗЫ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: «Осы кісілердің бәріне айтар едім, қайта сіздер осының бәрін алдына алып, мынадай көп достарыңыз бар парақшаларыңызда қарапайым халықты сақтау үшін өздеріңіз жанашырларыңыз сізді қолдап лайк басып жатқан кезде қайта халықты сабырға шақырып, осындай нәрсе шынымен де болып жатыр сақтаныңыздар, өз өздеріңізді күтіңіздер деп айтса екен деп тілеймін» Алайда әншінің бұл тілегіне әріптестері құлақ аса ма, жоқ па, оны  тек уақыт көрсете жатар. https://www.youtube.com/watch?v=SH9qI2YNTVg