Қызылордалық шенеуніктер қызметтік көліктерін жедел жәрдемге берді
Қызылордалық шенеуніктер қызметтік көліктерін жедел жәрдемге берді
Қызылордалық шенеуніктер қызметтік көліктерін жедел жәрдемге берді. 30 машинаның жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, аудандық әкімшілік мамандары да жақын күндері темір тұлпарларын денсаулық сақтау мекемелеріне таратпақ, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Еліміздегі шенеуніктерге және бюджеттік мекемелерге жаңа автомобиль алуға тыйым салынды. Бұдан былай оларға көлік тұрмақ, кеңсе жиһазын алуға да 3 жылға дейін рұқсат жоқ. Себебі әкімшілік шығыстардың басым бөлігі осы қымбат машина мен сәнді жиһаздарға кететін көрінеді. Қаржы ведомствосының баспасөз қызметі "2020 жылға арналған бюджеттегі 532,8 миллиард теңге үнемделіп, COVID-19 індетімен күреске, азаматтар мен бизнесті қолдау шараларына бағытталады"- деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар 2021-23 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шығыс сомасы 6,4 триллион теңгеден аспайтынын жеткізді.
https://www.youtube.com/watch?v=8C9LMHXhyTw