Жаңалықтар

Сең қозғалды ма? Бейнеу ауданындағы кәсіпкерлердің жомарттығы

 width=

Пандемия кезінде елдегі кәсіпкерлер халықтың жағына шығып, оларға көмек қолын созуды бастап кетті. Атап айтқан кезде, әр өңірдегі қалталы азаматтар шама келгенше халыққа керек-жарағын алып беру, медициналық аппараттарды сатып алу секілді қайырымдылық шараларын жасап жатыр. Соның бірі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы жағымды жаңалық.

Әрқайсысы құны 615 000 тг тұратын 3 дана «оттегі концентраторы» аппараттарын Бейнеу аудандық ауруханасы Провизорлық стационарға Бейнеулік кәсіпкерлер табыстады. Аурахана ұжымы алғыстарын білдіре отырып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазба қалдырған.

Бірінші аппаратты 615000 теңгеге «Ағния» ( бұл аудандық орталық базар ) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Ақмадина» ЖШС ( бұл АГЗС «Ақжұма» ) демеушілік жасап алып берді.

Екінші 615000 тг тұратын аппаратты аудандағы жеке кәсіпкер Әзірханова Камшат Басшықызы мен Алматылық жеке кәсіпкер Әзірханова Гүлшат Басшықызы алып берді.

Әзірханова Гүлшат-дәрігер акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының магистрі, аудандағы алғашқы алтын белгі иегері.

Үшінші 615 000 тглік аппарат пен жалпы суммасы 450000 тг тұратын 10 дана пульсоксиметр құралдарын Бейнеу кәсіпкерлері мен аудан халқы бірігіп ұйымдасып қаржы жинап қамтамасыз етті.

«ЖК Илесбаева Асия» аппарат сатумен айналысатын мед. фирмамен келіссөздер жүргізіп, Ережепов Роллан аппараттардың Ақтау қаласына ұшақпен келуін қаматамасыз етті.

ЖК «Ноқаева» үшінші аппаратқа қаражат жинаумен айналысты. Ақтау қаласына ұшақпен келген аппараттарды ЖК «Ергали Жұпар» өзінің жеке көлігімен ауылға тегін жеткізілуіне ат салысты.

 width=

Пандемия кезеңінде, халықтың жанынан табылып, ауызбіршілікпен ұйымдастырып, аудан халқының денсаулығына қызмет ететін медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, аурухана ұжымына қолдау бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.