Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жаңа мурал пайда болды

Нұр-Сұлтанда елорда күніне арналған мурал пайда болды. Мурал авторы Кристина Бекмұрзаева суреттің қандай мағына білдіретінін айтып берді, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Мурал Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы №28 үйде салынған.
 width=
 
"Композиция астана күніне арналды. Тұрғындардың өздері тұратын, сүйетін, шаңырақ құратын қалаға қатынасы туралы әңгімелейді, мұның бәрі таза, көңілі пәк балалар бейнесі арқылы жеткіздік. "Бәйтеректің" символын бейнелеген кішкентай қыздың қолы тұрғындардың қалаға деген қатынасын, біз жақсы көретін, тағдырымыз бір "Ұлы дала жүрегін" бейнелейді", - деді Кристина Бекмурзаева. Муралды жасап шығуға автормен бірге Али Закир, Ержан Танаев жұмыс істеді.