Жаңалықтар

Коронавирус кезінде қауіпті тағы бір дәрі аталды

Коронавирус кезінде қауіпті тағы бір дәрі аталды

Фото:elements.envato.com

 
Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева қан ұюға қарсы (антитромб - еск.) препараттарды орынсыз пайдаланудың қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, бүгінде науқастар антитромб препараттарды инъекция түрінде үйде пайдаланады - бұл қауіпті. Коронавирус инфекциясы тромбоздың түзілуіне себепкер болады және бұл препараттар мұндай инфекция кезінде антитромб үшін пайдалануға болады. Бірақ бұл терапияны тек стационарда лабораториялық бақылау арқылы жасау керек", - деді Қарабаева ОКҚ брифингінде.
Антикоагулянттар - қанның ұйып, тромб түзілуіне кедергі жасайтын дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қанның ұюын азайтады, бірақ антикоагулянттарға жатпайды. Ацетилсалицил қышқылы салдарынан асқазан жарасы пайда болуы және асқазан-ішек жолы қанауы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарында проблемалары бар адамдарға ішуге болмайды.