
Бұған қоса ол мемлекеттік комиссияның шешімімен
5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілгенін тағы бір мәрте атап өтті.
"Қазір жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Бірақ босаңсудың қажеті жоқ. Алдағы аптада пандемияға қарсы күрестің барысы айқындалмақ", - деп қосты президент.
Айта кетейік, 25 маусым күні экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Оның орнына үш күн вице-министр болып жұмыс істеген Алексей Цой тағайындалды. Біртанов өз кезегінде жұмыстан кетуін денсаулығына байланысты екенін айтыпты.