Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "биохимиялық қаруды шашу" жайлы желіде тараған айқпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кейбір пайдаланушылар келесі мазмұндағы видео жариялады: "Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақ химиялық шабуылынан болды".
"Бұл хабарламалардың барлығы расталмаған және өтірік болып табылады және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет ретінде бағаланады", - деп мәлімдеді Тұрғымбаев.
Министр осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.
"Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын", - деп атап өтті Тұрғынбаев