Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 51 мыңнан асып кетті
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 51 мыңнан асып кетті
Дүниежүзінде COVID-19 коронавирусы 12 миллионға жуық адамға жұқты. Қайтыс болғандар саны 547 мыңға жетті. 6,5 миллион адам емделіп шықты.
Қазақстанда 51 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Қайтыс болғандар саны - 264. Денсаулық сақтау министрлігі елде вирус жұқтырғандар ресми деректен көп болуы мүмкін деп мәлімдеген. Билік вирус жұқтырған жүзден астам марқұмды "өліміне басқа ауру себеп болды" деп ресми дерекке қоспай отыр.