Түркістандықтар қоқыс полигонындағы түтінге екі жыл тұншығып келген
Түркістандықтар қоқыс полигонындағы түтінге екі жыл тұншығып келген
Екі елдің шекарасында орналасқан Алпамыс батыр ауылы тұрғындарының проблемасын шешуге «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы араласқан.
Партияның аудандық филиалына түскен хатта ауыл округінің Өзбекстан Республикасының қоқыс полигоны түтеп, халықтың далада демалудан қалғаны айтылған болатын. Аталған мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып, қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерді. Нәтижесінде үш күн мерзімде қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылып, көрші ауылға тарамайтын болды. Өзбекстан тарапы алдағы уақытта да аталған келеңсіздікті жою мен оның қайталанбауы бойынша партияның аудандық филиалына хабарлап отыратынын жеткізген.
Айта кетейік, Алпамыс батырлықтар соңғы екі жыл көлемінде осы мәселені айтып, еліміздің Экология министрі мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұраған болатын. Алайда көрші елдің қоқыс полигонынан будақтаған түтін тоқтамаған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат